$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.10.2021, 17:40
Жаңалықтар

Алтай Көлгінов LRT құрылысына қаржы қайдан бөлінетінін айтты

Қазіргі уақытта тиісті келісімге қол қою жұмыстары жүріп жатыр

Алтай Көлгінов LRT құрылысына қаржы қайдан бөлінетінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысын аяқтау үшін банктердің бірі қаржыландыруға келісім берді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАқпарат» агенттігіне жасап.

«Компания банкрот болғаннан кейін қаржыландыру тоқтатылды. Екіншіден, онда заң бұзушылықтар анықталды, қазір қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүріп жатыр. Үшіншіден, қаржыландыру - ең басты проблема. Жоба үлкен инвестицияны қажет етеді. Әрине, орнатылған бетон тіректер қалаға көрік бермейді», - деді Алтай Көлгінов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.

Дегенмен әкім бұл жұмыс аяқталуы тиіс екенін атап өтті әкім.

«Біз банктермен бір жылдан астам уақыт жұмыс жүргіздік. Кез келген екінші деңгейдегі банк жолағысы келмейді және әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан біз тиісті конкурс жарияладық. Қазір банктердің бірі өз келісімін берді, біз бұл туралы тиісті келісімге қол қойылғаннан кейін хабарлаймыз. Жұмысты аяқтау жоспарда бар», - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі қала тұрғындарының өсіп келе жатқанын айтып, қоғамдық көліктің бұл түрі елорда үшін қажет екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары