Елімізде орташа жалақы 257 мың теңгеден асты – Ұлттық статистика бюросы
Қазақстанда 450 мыңнан астам адам жұмыссыз
Елімізде 2021 жылдың қыркүйегіндегі мәлімет бойынша қызметкердің орташа атаулы жалақысы 257 030 теңгені құрады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың күзінен бастап артып келеді. Орташа жалақы мөлшері былай өзгерді: 209 818 теңге, қарашада 211 033 теңге, желтоқсанда 220 848 теңге, 2021 жылдың қаңтар айында 222 261 теңге, ақпанда – 223 213 теңге, наурызда – 224 715 теңге, сәуірде – 231 319 теңге, мамырда – 232 347 теңге, маусымда – 242 542 теңге, шілдеде – 252 766 теңге, тамызда – 256 455 теңге.
Сонымен қатар, 2021 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы табысы 130 590 теңгені құрады, бұл жыл ішінде 15,3%-ға өскенде.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша Қазақстандағы жұмыссыздар саны 2021 жылғы қыркүйекте 451,6 мың адамды немесе жұмыс күшіне 4,9%-ды құрады. Бірақ жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер саны аз – 210,1 мың немесе жұмыс күшіне 2,3%.