$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2021, 09:00
Жаңалықтар

Елімізде бір тәулікте 39 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

130 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Елімізде бір тәулікте 39 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 39 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

12 қазандағы жағдай бойынша: қайтыс болған 31 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталса, 8 адамда коронавирус белгілері бар пневмония анықталған, бірақ олардан алынған ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен.

14 қазандағы жағдай бойынша: елімізде 53 289 адам КВИ жұқтырып емделіп жатыр (46 444 КВИ+ және 6 845 КВИ-). Олардың 9 150-і ауруханада емделсе, қалған 44 139-ы үй жағдайында ем қабылдап жатыр.

КВИ+ және КВИ- жұқтырғандардың ішінде:

  • 669 науқастың жағдайы ауыр;
  • 194 науқас аса ауыр халде жатыр;
  • 130 науқас ЖЖӨ аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 13 қазанда елімізде 1 985 адамнан коронавирус анықталды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 707-і құраған еді.

Серіктес жаңалықтары