Түнгі клубтар «жасыл» статусы бар қазақстандықтарға ғана жұмыс істейді
Алайда әр эпидемиологиялық аймаққа шектеулер қарастырылған
Түнгі клубтар «жасыл» статусы бар қазақстандықтар үшін қызмет көрсетеді. Бұл шешім Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі клубтарға 50% толымдықпен «жасыл» статусы бар қазақстандықтарға қызмет етуге рұқсат берілді. Алайда әр эпидемиологиялық аймаққа шектеулер қарастырылған:
- «жасыл» аймақ – 100 адамнан артық емес;
- «сары» аймақ – 70 адамнан артық емес;
- «қызыл» аймақ – 50 адамнан артық емес болуы тиіс.
Сонымен қатар Ashyq жобасына қатысуышларына жеңілдіктер қабылданды.
«Енді Ashyq жобасына қатысуышлар «жасыл» аймақта түнгі сағат 03:00-ге дейін, ал жоба лидерлері таңғы сағат 05:00-ке дейін, «сары» аймақта сағат 01:00-ге дейін, лидерлер сағат 03:00-ке дейін жұмыс істей алады. Санитар дәрігерлердің қаулысындағы өзгерістерді күтеміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.
Шешім Қазақстан Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.