ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

ШҚО-да ауыл мектебіне директор болған адамға 100 мың доллар беріледі

Кәсіпкер мектеп директорлығына байқау жариялады

BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев ауылдық мектепке директор іздеуде. Компания басшысының айтуынша, күрделі жөндеуден өткен жаңа мектептің директорына 100 мың доллар немесе елордадан үш бөлмелі пәтер сыйға беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бір кездері өзім білім алған ауыл мектебіне директор лауазымына байқау жариялаймын. Мен бір-екі жыл бұрын мектепті күрделі жөндеуден өткіздім. Алайда білімді мектеп қабырғасы емес, мұғалім беретінін есте ұстау қажет. Осыған байланысты мектеп директорларына байқау жариялаймын. Қатысушыларға қояр үш шартым бар:

Бірінші шарт — үш жыл осы мектепте жұмыс істеу. Білім ордасының деңгейін арттыру, сондай-ақ өзіне ізбасар дайындау. Мектеп ШҚО Көкпекті ауданы, Казнаковка ауылында (Құлынжан), Өскемен қаласынан 160 шақырым қашықтықта орналасқан.

Екіншіден — білім беру әдісі қарапайым болмайды, Финляндияның үздіксіз білім беру үлгісіне ұқсас дайындалған, яғни 2-12 жас аралығындағы бастауыш мектеп түрінде болады. Яғни баға жүйесі болмайды, ойын мен оқыту (play and learning school) түрінде жасалған», - деп жазады Instagram парақшасында.

Ол үш тілде білім беру үшін мұғалімдерді қосымша іріктеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету қарастырылғанын қозғап өтті. Балалардың оқуына ата-аналардың барынша қатысуы маңызды болмақ.

«Мектеп өз кезегінде ауылдың шағын қоғамдық орталығына айналады. Кешке таман, демалыс уақыттарында ауыл жастары, балалар мен ата аналар жаттығатын спорттық секциялар ұйымдастырылады», - деп жазды ол.