30.12.2019, 12:31
Жаңалықтар
Жаңажылдық мерекеде күн жылып, қар жауады – синоптиктер
Оңтүстік облыстарда көктайғақ күтілуде
31 желтоқсан мен 5 қаңтар күндері аралығында еліміздің басым аумағында күн жылынып, жауын-шашын мол түседі деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.
Синоптиктердің болжамынша, күннің жылынуынан өңірлерде көктайғақ күтіледі.
«Атлантикадан және Жерорта теңізінен ығысатын атмосфералық фронттармен қар, бұрқасын, екпінді батыс желі күтіледі. Сонымен қатар, республиканың оңтүстік облыстарында көктайғақ болады, күн суымайды. Жаңа жыл түнінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы жоғарылап, күндіз көптеген аймақта 0-8 градус аяз, оңтүстікте 0-10 градус жылыны құрайды», - делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.
Айта кетейік, қазақстандықтар 1-4 қаңтар күндері аралығында демалады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді