$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2021, 21:53
Жаңалықтар

Алматыдағы «Алтын Орда» базары жанындағы жол құрылысы қазан соңында аяқталады

Құрылысқа 215 жұмысшы мен 30 техника жұмылдырылған

Алматыдағы «Алтын Орда» базары жанындағы жол құрылысы қазан соңында аяқталады
Фото: ашық дереккөзден

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматыдағы «Алтын Орда» базары жанындағы жол айырығының құрылысы қазан айында аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Бүгінгі күні «Алматы-Бішкек» автожолының 786-790 шақырымы аралығында (16-19 шақырым «Алтын Орда») «Райымбек-Алматы» учаскесінің көлік жүретін бөлігін кеңейту жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Құрылысқа 215 жұмысшы мен 30 техника жұмылдырылды»,- делінген «ҚазАвтоЖол» баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта негізгі күш магистральды эстакадаға бағытталған. Оның ішінде, нысанның сол жағын бетондау жұмыстары толық бітті. Ал оң жақ тұсының 100 метр аумағына бетон құйылды.

Сондай-ақ монтаждау, қалыпты орналастыру, торлау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Эстакадағы негізгі жұмыс жоспар бойынша жүргізілуде, кестеден кешігу жоқ. Нысан құрылысы биылғы жылдың қазан айының соңына қарай аяқталады»,- делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары