12.10.2021, 12:23
Жаңалықтар
Қазақстанда жаңадан екі озық жоғары оқу орны ашылады
Шетелдің бес жоғары оқу орнының филиалын ашу жоспарланып отыр
Фото: ашық дереккөзден
Білімі және ғылым министрлігі «BILIMDI ŪLT» баршаға арналған сапалы білім» ұлттық жобасын әзірледі деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қабылданған жаңа жобаның бесінші міндеті бойынша сұранысқа ие мамандықтарға білім гранттары саны өсетінін мәлімдеді.
«Қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 20 академиялық артықшылық орталығы және Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі озық жоғары оқу орны құрылады. Сонымен бірге, 2025 жылдың соңына дейін шетелдің бес жоғары оқу орнының филиалын ашу жоспарланып отыр», ˗ дейді министр.
Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды