$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.10.2021, 11:19
Жаңалықтар

Павлодар тұрғындары жыл басынан бері 100 мыңнан аса жол ережесін бұзған

Жыл басынан бері 1 232 жүргізуші мас күйде көлік жүргізген.

Павлодар тұрғындары жыл басынан бері 100 мыңнан аса жол ережесін бұзған

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 100 мыңнан астам дерегін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдам жүргізуді ұнататындар жылдамдық режимін бұзғандар тізімінде көш бастап тұр. Олардың саны 42 182 болды. Сол сияқты қауіпсіздік белдігін 8 097 жүргізуші елемеген, ал бағдаршамның тыйым салатын сигналынан 2 179 жүргізуші өткен.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер – жол жүрісіне тең екі қатысушы және барлық жол жүрісі ережелеріне бағынуы тиіс. Бірақ, өкінішке орай, жаяу жүргіншілер жол ережелерін қатаң сақтаумен ерекшеленбейді. Мәселен, белгіленбеген жерден көлік жүретін бөлікті кесіп өткені үшін полиция қызметкерлері 7 277 тұрғынды, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді өткізбеген 2 414 жүргізушіні жауапқа тартты», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері 1 232 жүргізуші мас күйде көлік жүргізген.

Серіктес жаңалықтары