11.10.2021, 18:20
Жаңалықтар
Елорда арқылы жүретін пойыздар кешігіп, вокзалда хаос туындады
Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағытындағы пойыз жету уақытынан кешігуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден
Елорда арқылы қатынайтын пойыздар таңертеңнен бері өз уақыттарынан кешігіп жатқандықтан, Нұр-Сұлтан-1 вокзалында хаос туындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«11қазанда техникалық себептер бойынша Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қырқыншы станцияда Нұр-Сұлтан-1 станциясынан келетін және кететін жолаушылар пойызы қозғалысының жұмыс кестесі бұзылды. Бұл вокзалда адам санының көбеюіне әкелді», - деп мәлімдеді «Қазақстан Темір жолы» ҰК баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, Қырқыншы станцияда теміржолды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазір барлық пойыздар өзі кестелері бойынша қайта жолға шықты. Тек Нұр-Сұлтан – Сарыағаш бағытындағы пойыз жету уақытынан кешігуі мүмкін.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)