Арқалық – Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыз қызметкерлері жүкті әйелді босандырып алды

Теміржолшылар жолаушы әйел мен оның шақалағын жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстады

Арқалық – Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыз қызметкерлері жүкті әйелді босандырып алды

8 қазан күні Арқалық – Нұр-Сұлтан бағытындағы №603 жолаушылар пойызы Арқалық станциясынан жөнелтілгеннен кейін ер адам пойыз бригадасының қызметкерлеріне зайыбының толғағы келіп қалғанын хабарлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазақстан темір жолы «ҰК»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрехан Әбдірайымов бастаған пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекетке көшіп, келесі станцияға жедел жәрдем шақырылады. Теміржолда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, оның ішінде 3 жылдан бері пойыз бастығы Т.Әбдірайымов мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр екен.

«Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындай бастады. Жолсеріктер Ирина Андреева мен Жаңыл Баталова жолаушылар арасынан табылған дәрігерлер Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) мен Гаухар Қойшығұлованың (емдеу ұйымының басшысы) нұсқауымен әрекет жасады. Жүкті әйелді аман-есен босандыру үшін вагонда барлық қажетті жағдайлар жасалды және біраз уақыттан дүниеге қыз бала келді», - делінген хабарламада.

Пойыз Державинск бекетіне жеткеннен кейін жас ана Нұрайлым Құрманалы мен оның шақалағын жолсеріктер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.