$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2021, 12:23
Жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны қайта көбейді

Елімізде коронавирус жұқтырған 674 адам ауыр жағдайда жатыр

 

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны қайта көбейді
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 10 қазандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 41 адам қайтыс болды.

10 қазандағы мәлімет бойынша, 53 581 адам коронавирус инфекциясынан (–46 382 + және 7 199 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 384 пациент стационарда, 44 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 674 адамның жағдайы ауыр,

- 201 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 8 қазандағы мәлімет бойынша 149 жаңа жағдай тіркелді, 272 адам жазылып шыққан, 10 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 77 205; 

- өлім жағдайы – 4910;

- барлығы 65 096 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары