$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2021, 14:38
Жаңалықтар

КСРО паспортымен жүрген ақтөбелік қазақстандық құжат алды

Оған облыстық полицейлер көмектесті

КСРО паспортымен жүрген ақтөбелік қазақстандық құжат алды

Бүгінгі күнге дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен өмір сүріп келген Лариса Чернышева алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарт әйелге көптен күткен құжаттарын алуға Ақтөбе облысының полицейлері көмектесті. Оны Мұғалжар ауданының полиция бөліміне шақырып, салтанатты түрде жеке куәлігі мен гүл шоқтарын табыстады.

Лариса Чернышеваның айтуынша, бұған дейін ол ХҚО-ға және анықтама бөліміне жүгінген, онда әйелді құқықтық мәртебесін анықтау үшін аумақтық көші-қон қызметі бөлімшесіне жіберген.

«Менде туу туралы куәлік те, ел аумағында тұратындығымды растайтын құжат та болған жоқ. Көші-қон қызметінің қызметкерлері тиісті органдарға өздері сұрау жіберіп, қажетті ақпарат алды, осылай Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығымды анықтай алды. Менің проблемамды қысқа мерзімде шешіп бергендеріңіз үшін рақмет. Мен Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшылығына және ІІМ министріне ризашылығымды білдіремін», – деп атап өтті зейнеткер.

Енді қарт әйел барлық мемлекеттік қызметтерді басқа қазақстандықтармен бірдей пайдалана алады. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтардың денсаулық сақтау, білім беру саласындағы қызметтерді алуда, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеуде мүмкіндіктері шектеліп, ресми түрде жұмысқа орналаса алмайтындығын атап өткен жөн.

Осыған байланысты полиция құжаттары жоқ азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігін ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді ұсынады.

Серіктес жаңалықтары