Қазақстан ішімдік тұтынудан 34-орында тұр

Карантин шаралары енгізілгелі бері арақ өнімдерін тұтыну мөлшері 21,5 пайызға өскен

Фото: tengrinews.kz

Дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, бүгінде Қазақстан халқы жан басына шаққанда 11 литр таза спирт тұтынады екен. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 34-орындамыз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мәжіліс депутаттары Д.Мыңбай мен Ә.Әбсеметовтың депутаттық сауалына сілтеме жасап.

Алкогольдік ішімдік тұтыну бойынша көрші Қырғызстан – 106, Түрікменстан – 114, Өзбекстан – 131, Тәжікстан – 134, Қытай –  95 орында.

Айта кетерлігі, карантин кезінде ішімдікке тәуелді болғандар саны күрт өскені белгілі. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, еліміздегі коронавирусқа қарсы карантин қабылданған уақытта арақ, ликер өнімдерін тұтыну мөлшері 21,5 пайызға (2020 жылғы қаңтар-қарашада 35,7 миллион литрге дейін) өскен.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.