Елімізде әскери қызметке шақыру қағидаларына өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі қаулыға өзгерістер енгізеді

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өзгерістер мен толықтырулар әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату құқығын беру, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеу (іріктеу) және оларды іздестіру тәртібін нақтылау мәселелеріне қатысты болады.
Бұл құжат «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру және автоматтандыру шеңберінде әзірленді.