$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2021, 11:36
Жаңалықтар

Степногорск қаласында бес жасар бала өрттен көз жұмды

Өрт сағат 07:14 шамасында ауыздықталып, 07:46-да сөндірілді.

Степногорск қаласында бес жасар бала өрттен көз жұмды

Бүгін сағат 06:15-те Байқоңыр ауылында 85 шаршы метр аумақта 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт болып, бес жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

«Бес адамнан тұратын отбасының отағасы әйелін және екі баласын құтқарып үлгерген, өкінішке орай, 2016 жылғы үлкен ұлы қайтыс болды. Күйік шалған ер адам Степногорск аудандық ауруханасында жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сағат 07:14 шамасында ауыздықталып, 07:46-да сөндірілді. Қазір оның шығу себептері анықталып жатыр. Оны сөндіруге ТЖД-ның алты қызметкері және бір бірлік техника шықты.

Ақмола облысының ТЖД аймақ тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын бақылау қажет. Электр сымдарын монтаждау және оны жөндеуде тек мамандардың көмегіне жүгіну керек. Өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзу өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары