1 қазанға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің солтүстік аумағында қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласады
Синоптиктер қазан айының алғашқы күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мәскеу аудандарынан жылжып жатқан солтүстік-батыс антициклонның ықпалынан батыс және оңтүстік аймақтарды қоспағанда, ҚР аумағының басым бөлігі әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, оның соңы көктайғаққа ұласады. Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жел күшейіп, түңгі және таңғы сағаттарда тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Атап айтқанда, түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында көктайғақ болып, тұман түседі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады, түнде және таңертең солтүстік-батыста, батыста тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз басым бөлігінде жел 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз солтүстігінде тұман түседі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында жел 17-22 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін жетеді.