$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.10.2021, 02:37
Жаңалықтар

Ақбұлақтағы оқиғадан соң жеке сот орындаушыларының қасына күзетші берілуі мүмкін

Сот орындаушылары борышкердің үйінде қарудың бар-жоғын полицейлер алдын ала анықтап берсе дейді

Жылжымайтын мүлікке қатысты сот қаулысын орындау кезінде сот орындаушыларының қауіпсіздігін жекеменшік күзет ұйымдары қамтамасыз етуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Алматының Ақбұлақ ықшамауданындағы қайғылы оқиғадан кейін Жеке сот орындаушылар палатасы осындай ұсыныс жасады. Мақсат – келеңсіз жағдайдың қайталанбауына жол бермеу. Сот орындаушылары борышкердің үйінде қарудың бар-жоғын полиция қызметкерлері алдын ала анықтап берсе дейді. Бұл ұсыныстар бір айдың ішінде арнайы жұмыс тобымен қаралып зерттеледі.

Ал Ақбұлақтағы үйдің жаңа иесі қаза болғандықтан, іс уақытша тоқтатылған. Мұрагерлікке беру жұмыстары аяқталған соң сот шешімін орындау қайта жалғасады.

«Сондай адамдарды үйінен шығарғанда қарулы, бронды жилетпен күзет фирмаларының көмектеріне жүгіну қажет. Бірақ осы шығындардың барлығы борышкердің мойнына ілінеді. Неге десеңіз, оның өз еркімен сот актісін орындауға уақыт та беріледі, барлық мүмкіншілік те беріледі», – деді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Дәурен Аймақов.

Серіктес жаңалықтары