$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2021, 10:39
Жаңалықтар

Түркияда жылжымайтын мүлік қымбаттады

Елдегі жылжымайтын мүлік бағасының күрт өсуіне соңғы бір жылда құрылыстың 90% төмендеуі себеп

Түркияда жылжымайтын мүлік қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Түркияда жылжымайтын мүлік қымбаттады. Былтырғы шілде айынан бері Түркияда пәтер жалға беру бағасы орта есеппен 38%, жылжымайтын мүлікті сатып алу 27% артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті кейбір аудандарда баспана бағасы еселеп өскен. Қазір орта санаттағы «ақ жағалылар» да өмір сүру тым қымбаттап кеткенін айтады.

«Пәтерді жалға алу бағасы қымбаттады. Бұған дейін ай сайынғы төлемге жалақымыздың бір бөлігін ғана берсек, қазір жақсы пәтерде тұру үшін тапқанымызды түгел жұмсауға тура келеді. Соңғы жылда барлық тауар қымбаттады. Инфляция өте жоғары. Бірақ жалақымыз ғана өзгеріссіз, көтерілген жоқ», - дейді жергілікті тұрғын Мұстафа Бичер.

Елдегі жылжымайтын мүлік бағасының күрт өсуіне соңғы бір жылда құрылыстың 90% төмендеуі себеп. Өйткені, құрылыс материалдары инфляция мен түрік лирасының құнсыздануына байланысты 4 есе қымбаттаған. Түркия бірнеше жер сілкіну желісінің торабында орналасқан. Әсіресе, Ыстамбұл мен Измир. Бұл да бағаның көтерілуіне әсер етеді. Себебі тұрғындар қауіпсіздігі жоғары, сенімді ғимараттар іздеуге тырысады.

«Түркияда соңғы 6 айдың ішінде жылжымайтын мүлік секторында үлкен өзгерістер бар. Тұрғын үй құрылысының тоқтап қалуы ескі пәтерлердің де бағасын өсіріп жіберді. Нарықта нақты баға жоқ. Үй қожайындары бір-біріне қарап бағаларды қымбаттатып отыр. Нарықта арзан үй жоқ. Бір жарым жылдан кейін келген студенттер мен үйін ауыстырушылар да жалға алуға мәжбүр. Пәтерді сатып алу да күрделі. Үйдің бағасы 500 мыңнан 800 мыңға өсіп кеткен. Несиенің пайызы да жоғары», - деді маклер Дүрие Булут, маклер.

Биліктің пайымдауынша, инфляция жыл соңында төмендейді. Ал жылжымайтын мүлік саласындағы Хепси Эмлак компаниясының есебіне сәйкес, Ыстамбұлдың 50 ауданында тұрғын үйді жалға беру бағасы 50% артқан. Елдегі бұл жағдай доллармен есептесетін шетелдік азаматтарға тиімді. Өйткені оларға Анадолы жерінде үй сатып алу тиімді.

Серіктес жаңалықтары