Қазақстанда жұмыртқа бағасы 21,5 пайызға қымбаттады
Еліміздегі әр отбасы үш айда орта есеппен 49 жұмыртқа тұтынады
Қазақстанда жұмыртқа бағасы 21,5 пайызға қымбаттады. Тиісінше, ел тұрғындары жұмыртқаны аз тұтынатын болды, деп хабарлайды LS.
Қазақстанда қаңтар - тамыз аралығында 3 млрд данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға аз. Еліміздегі әр отбасы үш айда орта есеппен 49 жұмыртқа тұтынады. Сол аралықта оған 7 мың теңгеге жуық қаражат жұмсайды.
Жұмыртқаның 10 данасы орташа есеппен 355 теңгеден саудаланады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға көп.
Отандық өнім Ауғанстан (50,9 млн дана), Ресей (10,7 млн дана), Қырғызстан (2,8 млн дана), Моңғолия (2,7 млн дана) елдеріне жіберіледі. Осылайша 2021 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 33,3 млн дана жұмыртқа экспортталды.
Дегенмен, импортталатын жұмыртқа да жоқ емес. Мәселен Ресейден 84,5 млн, ал Беларусьтен 9,2 млн дана жұмыртқа импортталады.