$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2021, 15:02
Жаңалықтар

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Қазгидромет алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады 

Алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
Фото: ашық дереккөзден

Алдағы 3 күнде еліміздің батыс өңірлерінен басқа облыстардың басым бөлігінде күн суытады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр. Оның арты жауын-шашын мен көктайғаққа ұласуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түседі.

1 қазаннан бастап солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа ығысуына қарай, жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының одан әрі төмендеуі, суық күтіледі.

Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы болады. Ал солтүстік-батыста түнде термометр 6 градусқа дейін төмендеп, күндіз 3-13 градус аралығында жылы болады.

Оңтүстік өңірлерге келсек, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары