$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.09.2021, 14:43
Жаңалықтар

Қазақстанда баспананы несиеге алатындар қатары көбейді

Ипотекалық несиелеу бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бірінші орында тұр

Қазақстанда баспананы несиеге алатындар қатары көбейді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде ипотекалық несиелеу үш еседен астам өсті. Ұлттық Банктің хабарлауынша, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес мұндай қарыздардың жалпы сомасы 2,8 трлн теңгеден асты. Ал 2016 жылдың сәйкес кезеңінде 879,7 млрд теңгені құрады. Яғни, бес жыл ішінде 1,9 трлн теңгеге өсті (+218,5% немесе 3,2 есе), деп хабарлайды LS.

Ипотекалық несиелеу бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бірінші орында. Елордада тұрғын үйге 800,7 млрд теңге (+339%) берілді. Екінші орында Алматы – шамамен 651 млрд теңге (+133,5%), ал үштікті Қарағанды облысы 176 млрд теңгемен (+244,4%) түйіндейді.

Сонымен қатар, биыл қыркүйек айының басында ШҚО банктерінде ипотекалық несие көлемі 160 млрд теңгеден асады, Ақтөбе облысында – 138,7 млрд теңге, ал Шымкентте – 125,8 млрд теңге.

Тұрғын үй несиелері ең аз өңірлер: СҚО-да 50,4 млрд теңге, Қызылорда облысында 41,6 млрд теңге және Түркістан облысында 6,3 млрд теңге рәсімделді. 

Серіктес жаңалықтары