28.12.2019, 00:53
Жаңалықтар
QAZAQ AIR компаниясы Bek Air жолаушыларын тасымалдауға дайын екенін мәлімдеді
Бұл туралы компания Instagram парақшасында жазды
Фото: ашық дереккөзден
Bek Air ұшағына билет алған жолаушылар QAZAQ AIR әуе компаниясының билеттерін тиімді бағамен ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы компания Instagram парақшасында жариялады. Онда QAZAQ AIR әуе компаниясы Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан рейсі тоқтатылған жолаушыларды қабылдауға дайын екені айтылған.
«2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Bek Air билеті бар жолаушылар QAZAQ AIR рейстеріндегі бос орындарды ала алады. Мұндағы билеттер бағасын Bek Air билетінің бағасынан асырмаймыз», - деп жазылған компанияның ресми парақшасында.
Билет сатып алу үшін flyqazaq.com брондау қызметін қолдануға болады.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты