Алматылықтар әуежайға гүл шоқтарын қойып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Гүл шоқтары аза тұту белгісі ретінде әуежайдың кіреберісіне қалдырылуда

Фото: әлеуметтік желіден

Алматылықтар аза тұту белгісі ретінде әуежайдың кіреберісіне гүл шоқтарын қалдырып жатыр, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Алматылықтар Bek Air әуекомпаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан рейсінде қаза тапқан жолаушыларға аза тұту белгісі ретінде терминалдың басты кіреберісінде гүл шоқтарын қойып жатыр...», - делінген әуе айлағының Facebook желісіндегі хабарламасында. 

Еске салайық, 27 желтоқсан күні таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан «Бэк эйр» әуекомпаниясының №Z2100 рейстегі  Fokker-100 ұшағы бетон ғимаратқа соғылды. Ішкі істер министрлігі қаза тапқан 12 адамның аты-жөнін жариялады.

Қазақстанда 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.