24.09.2021, 22:48
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт шықты
Өрттен зардап шеккендер жоқ
фото ашық дереккөзінен алынды
Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«24 қыркүйек күні сағат 19:35 минутта Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Кенесары көшесі 3А мекен-жайынан түтін көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр алаңда рубероид пен жиналған қоқыс жанып жатқаны анықталды», - делінген хабарламада.
ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер өртті сағат 19:49-да ауыздықтап, 19:57-де толықтай сөндірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды