Аудиожазбаны ресейлік РЕН ТВ телеарнасы таратты
ІІМ ресми дерегіне сәйкес апаттан 12 адам қаза тапты. Зардап шеккендер саны - 12, олардың 8-і ересек, 4-еуі бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Еске салайық, 27 желтоқсан күні таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан «Бэк эйр» әуекомпаниясының №Z2100 рейстегі Fokker-100 ұшағы бетон ғимаратқа соғылды. Ішкі істер министрлігі қаза тапқан 12 адамның аты-жөнін жариялады.
Қазақстанда 28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.