ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Владимир Путин мен Сооронбай Жээнбеков Қазақстан халқына көңіл айтты

Ресей мен Қырғызстан президенттері және ҚХР Сыртқы істер министрі Қазақстан халқына Алматы қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ресей халқы ұшақ апатынан қаза болғандардың туған-туыстарының қайғыларына ортақтасады. Қайғылы апаттан зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген хабарламада.

Апатқа байланысты Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков те телеграмма жолдады.

«Алматы-Нұр-Сұлтан әуе рейсі апаты салдарынан қаза тапқан адамдар туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қырғыз халқы мен өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілтестік білдіреміз», - делінген.

Сондай-ақ ҚХР сыртқы істер министрі Гэн Шуан мен Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави Алматыдағы ұшақ апатына байланысты Қазақстан жұртына көңіл айтты.