$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2019, 12:52
Жаңалықтар

Әуе билеттерінің бағасы Қазақстанның алты өңірінде айтарлықтай қымбаттаған

Министрлік билеттердің қымбаттауы еліміздегі ұшақтардың жетіспеушілігінен және авиа отынның қымбатшылығынан туындап отыр дейді

Әуе билеттерінің бағасы Қазақстанның алты өңірінде айтарлықтай қымбаттаған
Фото ашық дереккөзден

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда әуе билеттері 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері әуе көлігімен 5,6 млн адам тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.

Ең қымбат билет құны Маңғыстау облысында тіркелді - бір жылда 24,4%. Жамбыл және Атырау облыстарында олардың құны тиісінше 19% және 16,9%-ға өсті. Алматыда - 9%, Шымкентте - 7,7%, Нұр-Сұлтанда - 6,7%-ға өсті. Қазақстандағы әуе билеттерінің бағасына қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын. «Неге негізгі әуетасымалдаушының ең қажетті бағыттар бойынша авиабилеттері Еуропаға қарағанда әлдеқайда қымбат, кейде 30% -ға дейін жоғарылайды?»,- деп сұрады ҚР Президенті. Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы мәселеге байланысты шаралар қолданып жатқанын, билеттердің қымбаттауы еліміздегі ұшақтардың жетіспеушілігінен және авиа отынның қымбатшылығынан туындап жатқанын алға тартады.

Оқи отырыңыз: «Эйр Астана» және «Scat» әуекомпанияларына қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеу басталды

Ұшақ билеттерінің бағасын төмендету үшін 1 мамырдан бастап отандық лоукостер FlyArystan іске қосылған еді. Компания 2 айдың ішінде 340 мың әуе билеттерін өткізіп, оның тең жартысы 10 мың теңгеден сатылған. Авиация комитеті жыл соңына дейін FlyArystan тағы екі ұшақпен толығып, келер жылы төрт ұшақ қосылып, 2023 жылға дейін ұшақтардың саны 15-ке жетеді деп жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: «Эйр Астанада» басталған тексеріс дұрыс жүрсе билет құны 5-7% түседі - Сарапшы

Қазақстан ішінде халықаралық тасымалдау нарығындағы Air Astana үлесі 34%-ды құрайды. Ресейлік «Аэрофлот» нарықтың 16%-ын, Scat авиакомпаниясы — 8%-ын иеленді. Сондай-ақ, халықаралық тасымалдау нарығында елде — S7 (нарықтың 5%), Turkish Airlines (5%), «Украин халықаралық әуе жолдары» (4%), FlyDubai (4%), Lufthansa (3%) және басқалары (21%) жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары