22.09.2021, 15:35
Жаңалықтар
Түркістан облысында 38 мұғалім мен 148 оқушыдан коронавирус анықталды
Бүгінде облыстың 934 білім беру мекемесі Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейді
Фото: ашық дереккөзден
Жаңа оқу жылында Түркістан облысындағы 38 мұғалім мен 148 оқушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, вирус жұқтырған 71 оқушы офлайн форматта оқыған, ал қалған 77-сі оқу жылы басталмай науқастанған.
Қазір науқастармен байланыста болған 2176 оқушы 14 күндік карантинге жіберілген. Бүгінде облыстың 934 білім беру мекемесі Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.
Айта кететін жайт, бақылау басқармалары тарапынан оқу жылы қарсаңында білім ордалары қызметкерлерімен Zoom платформасы арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізілген.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды