Қазақстандағы ауасы ең лас қай қалалар?
Еліміздің 10 қаласы атмосфералық ауаны жоғары деңгейде ластайтыны анықталды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов еліміздегі ауасы ең лас 10 қаланы атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Елорда Инфоға сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің экологиялық мониторингіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша 45 өнеркәсібі бар 10 қала атмосфералық ауаны жоғары деңгейде ластайтыны анықталды. Бұл – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары», – деді спикер.
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының айтуынша, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ластанудың негізгі себебі жылу қазандықтары, автокөлік пен жеке секторлар болып отыр. Өскемен және Теміртау қаласында ауа сапасы өнеркәсіптік кәсіпорындарға байланысты төмен деңгейде. Ал Ақтөбе және Атырау қаласы бойынша ескірген кәріз жүйесі экологиялық проблемаларға әкелуде.