16.09.2021, 10:15
Жаңалықтар
COVID-19: Елімізде толық иммундаудан өткендер саны 6 млн-нан асты
Өңірлер арасынан вакцина алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде коронавирусқа қарсы толық иммундаудан өткендер саны 6 млн-нан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 16 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 194 860 адам вакцина салдырды, II компонентпен 6 019 027 адам.
Өңірлер арасынан вакцина алғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мегаполисте 900 мыңнан астам адам екпе салдырған.

Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды