16.09.2021, 10:03
Жаңалықтар
Экс-әкім Қазақстан халқы алдында ант берді
Сенат төрағасы жаңа депутатты таныстырды
Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент жарлығымен жаңадан тағайындалған депутат - Серікбай Трұмовты таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Маңғыстау облысының экс-әкімі Серікбай Трұмов Сенат отырысында Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындауға және өзіме сеніп тапсырылған депутат міндеттерін адал орындауға ант беремін», - деді сенатор.
Серікбай Трұмов Сенатта Аграрлық мәселелер, экологиялық менеджмент және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелігіне сайланды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды