15.09.2021, 09:24
Жаңалықтар
Байқоңырдан OneWeb 34 спутнигі бар «Союз-2.1б» зымыраны ұшырылды
Бұл биыл ғарышқа жол тартқан 15-ші ресейлік зымыран
Фото: ашық дереккөзден
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» үдемелі блогы бар «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлады Роскосмос.
Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 12-ден өте ғарыш аппараты зымыраннан сәтті ажырады. Ракета орбитаға 34 британдық «OneWeb» байланыс спутнигін алып шығады.
Айта кетейік, бұл биыл ғарышқа жол тартқан 15-ші ресейлік зымыран. Бұған дейін «Союз-2 1б» 22 тамызда көкке самғады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
