$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2021, 12:53
Жаңалықтар

Онлайн санақ: Маңғыстау мен Атырау облысы аутсайдерлер қатарында

Қазақстанда 2 миллионнан астам тұрғын санақтан онлайн өтті

Онлайн санақ: Маңғыстау мен Атырау облысы аутсайдерлер қатарында
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

13 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 041 876 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 1 756 002-сі sanaq.gov.kz сайтында, 203 672 Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 82 202 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Жалпыұлттық санақ басталғалы - 12 күнде онлайн санақтан өтуі бойынша Алматы облысы алда. Мұнда 204 805 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Алматы қаласында 194 697 адам Алматы қаласында тіркелген. Үздік үштікте Қызылорда облысы - 173 847 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Атырау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 46 191 және 35 542 адам санақтан өткен.

Ал жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 21,1% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Павлодар облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 17% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген).

Серіктес жаңалықтары