$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2021, 11:38
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды алғаш рет сынақтан өткізу басталды

Енді бағдаршамның қызыл жарығы тротуарға да түседі

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды алғаш рет сынақтан өткізу басталды

Нұр-Сұлтанда ел тарихында алғаш рет жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды тестілеу басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қала қиылыстарында жарығы бар жаяу жүргіншілер бағдаршамы қолданылады. SWARCO өндірушісінің жаңа бағдаршамы әдеттегі дыбыстық функцияны толықтыратын болады. Енді бағдаршамның қызыл жарығы тротуарға да түседі, тиісінше жаяу жүргіншілердің смартфонының дисплейіне де шағылысатын болады.

Жаяу жүргіншілер бағдаршамы жердегі жарықтандыру функциясын орындап қана қоймайды, сонымен қатар екі көзі телефонда, «басын салбыратып жүретін» өскелең ұрпақтың назарын аударады. Осылайша жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосады.

Жаяу жүргіншілер бағдаршамының жаңа моделінде мынадай артықшылықтар бар: ымырт үйірілгенде және түнгі уақытта тротуарға қызыл жарық түсуіне байланысты бағдаршамның қызыл белгісі жақсырақ көрінеді, смартфонның дисплейіне бағдаршамның қызыл сигналы түсуі арқылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі артады және тротуардың шетінде қызыл түспен белгіленген орындардың арқасында жаяу жүргіншілерді көлік жүргізушілері жылдам байқайды.

Бағдаршамның тәжірибелік нұсқасы 9 бағдаршам объектісіне қолданылды.

Бұдан бөлек дыбыстық жол көрсету жүйесі бар бағдаршамдар орнатылды. Бұл жаяу жүргіншілер, әсіресе көзі нашар көретін жұрт үшін тиімді. Осылайша, жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздік жағдайлы едәуір артады.

Мұндай бағдаршамдар қаланың 7 объектісінде орнатылған.

Серіктес жаңалықтары