Алматылықтар маска тақпайды, той өткізеді - Бекшин

Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, коронавирустың «төртінші» толқыны аяқталған жоқ

Алматылықтар маска тақпайды, той өткізеді - Бекшин
Фото; Tengrinews.kz

Алматыда 20-39 жас аралығындағы адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыруы жиілеген.  Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты.

Оның сөзінше, Халықтың бұл санатының вакциналану белсенділігі төмен және олар  карантиндік режимді де жиі бұзады. Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша 20-39 жас аралығындағы азаматтарда қауіпті індетті жұқтыру 31,2%, 40-59 жастағыларда 24%, 60 жастан асқан қарт адамдарда 23% құрап отыр.  

«Жалпы, соңғы аптада инфекция жұқтыратын негізгі орындар бұрынғыша сауда объектілері - 34%, отбасылық байланыс - 19,5%, қоғамдық көліктер - 17,8% құрайды», - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, кКоронавирустың «төртінші» толқыны аяқталған жоқ. Бірақ вирустың таралуы төмендей бастаған.  

«Азаматтар дерттің қаншалықты қауіпті екенін түсінулері тиіс. Әсіресе 60 жастан асқан адамдар қауіп тобында, өйткені, өлім көбінесе халықтың осы санатында болады. Жасына қарай көптеген адамдарда созылмалы аурулар бар, дерт жұққан кезде олар өрши түседі. Сондықтан ремиссия кезеңінде екпе алу қажет. Коронавирусты вакцина ғана жеңеді», - деді ол.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, COVID-19 вирусының «үнділік» нұсқасы тез жұғады әрі патогенділігі әлі де өте жоғары, соның салдарынан «симптомды» науқастардың деңгейі 95%-ды құрайды.«Уханьдық» - 50% және «британдық» - 81%. Бас санитар халықты вакциналауды күшейтуге және қоғамдық орындар мен көліктерде маска режимін сақтауға шақырды. Ол қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын нысандарға, түнгі клубтарға, мейрамханаларға, кафелерге бармауға және үйдегі бұқаралық іс-шараларды шектеуге шақырды.

Оның сөзінше алматылықтар тойды тоқтатпай отыр. Маска тағу режимін де елемейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.