$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2021, 12:53
Жаңалықтар

Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырған адвокат сотталды

Адвокаттық қызметпен айналысуға берілген Әділет министрлігінің лицензияның қолданысы тоқтатылды

Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырған адвокат сотталды
көрнекі фото

Ақмола облысы адвокаттар алқасының адвокаты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде жұмсалған уақыт туралы көрінеу жалған мәліметтерді енгізіп, тергеушінің атынан 10 млн теңгеге жуық сомаға 15 жалған қаулы дайындаған. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

ҚР Әділет министрлігі қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша адвокат көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегін бюджет қаражаты есебінен төлеу туралы қаулыларға талдау жүргізді.

Жоғарыда аталған іс-әрекеттердің салдарынан Ақмола облысының адвокаты 9,6 млн теңгеден астам ақша қаражатын заңсыз алғаны анықталды.

Сот үкімімен адвокат ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1) тармағы, 385-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатысты 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, ҚР ҚК 50-бабының 3-бөлігі негізінде адвокат бес жыл мерзімге адвокаттық қызметпен және заң қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді және Әділет министрлігі адвокатқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензияның қолданысын тоқтатты.

Сотқа дейінгі тергеу барысында адвокатпен жымқырылған ақша қаражаты бюджетке қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары