Әкімдік: Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызды азық-түліктен тапшылық жоқ

Астана халқының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қажеттілігі жылына – 710 мың тонна

фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тапшылығы жоқ. Бұл туралы елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Балтаевтың айтуынша, астана халқының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қажеттілігі жылына – 710 мың тонна, ал айына шамамен – 60 мың тонна.

«2020 жылы қала бойынша азық-түлік өндірісінің жалпы көлемі 235 мың тонна болды. Бұл қаланың жылдық қажеттілігінің шамамен 30%-ын өтейді. Сондай-ақ, 185 мың тонна өнімді сақтауға болатын бес ірі логистикалық орталық бар. Қолданыстағы жеті көкөніс қоймасы бар, онда жылына 37 мың тонна өнім сақталады. Осылайша, жалпы сақтау көлемі жылына 222 мың тоннаға жетеді, бұл елорданың негізгі азық-түлік тауарларына жылдық қажеттілігінің шамамен 30%-ын сақтауға мүмкіндік береді», - деді Ержан Балтаев

Қазір 15 мың тонна өнім сақтауға болатын үш көкөніс қоймасы салынып жатыр.

«Сауда залдары мен қоймаларда 60 мың тонна негізгі азық-түлік тауарлары тұтынылады, бұл – қаланың айлық көлемі. Азық-түлік тауарларын жүйелі негізде жеткізіледі. Бүгінгі таңда өнім тапшылығы жоқ», - дейді Е. Балтаев.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.