$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2021, 01:41
Жаңалықтар

Қазақстанның болашақ ұшқыштары Литвада білім алуы мүмкін

Қазақстанның азаматтық авиациясында 1500-ге жуық ұшқыш жұмыс істейді

Қазақстанның болашақ ұшқыштары Литвада білім алуы мүмкін

ҚР ИИДМ-де Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гинтаус Васюлиспен және осы елдің бизнес өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Қазақстан-Литва көлік ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқыланды. Оның ішінде ҚР Азаматтық авиация академиясы (Академия) мен "Avia Solutions Group" мультисервистік авиациялық холдингі арасында оқу орталығын құру, сондай-ақ Академияны ұшқыштарды оқыту бойынша Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) сертификатын алуға дайындау мәселелері қаралды.

Қазірг Қазақстанның азаматтық авиациясында 20 мыңнан астам қызметкер, оның ішінде 1500-ге жуық ұшқыш және екі мыңнан астам инженерлік-техникалық маман жұмыс істейді. Салалық болжамдар бойынша, 2025 жылға дейін елімізге қосымша 500-ге жуық ұшқыш, 1 мыңға тарта инженер қажет болады.

Серіктес жаңалықтары