Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтады
Ақорда резиденциясында он мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті деп хабарлайды akorda.kz
Сенім грамоталарын Мемлекет басшысына Эстония Республикасының елшісі Тоомас Тирс, Әзербайжан елшісі Агалар Атамогланов, Испания Корольдігінің елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро, Ұлыбритания Корольдігі мен Солтүстік Ирландия елшісі Кэтрин Джейн Лич, Румыния елшісі Мэдэлина Лупу, Италия Республикасының елшісі Марко Альберти, Германия Федеративтік Республикасының елшісі Моника Иверсон, Бельгия Корольдігінің елшісі Анри Вантигем, Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы, елші Кестутис Янкаускас, Қырғыз Республикасының елшісі Дастан Дюшекеев табыстады.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтады. Президент олардың тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі достас халықтардың әртүрлі салалар бойынша ынтымақтастық орнатуына ықпал етеді деген сенімін жеткізді. Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі мен Үкімет елшілердің миссиясын жоғары деңгейде орындауына қолдау көрсететінін айтты.