08.09.2021, 14:44
Жаңалықтар
Қазақстаннан Мальдивке ұшатын тұрақты рейстер ашылады
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады
Фото: ашық дереккөзден
2021 жылғы 4 қазаннан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында 4 тұрақты рейс ашады. Рейстер Б767 және А321LR әуе кемелерімен орындалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды