Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген қазақстандық ғалым дүниеден озды
Медицина ғылымдарының докторы Сәкен Әміреев өмірден өтті
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры, эпидемиолог-вакцинолог, медицина ғылымдарының докторы Сәкен Әміреев өмірден өтті. Қаралы хабарды С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі жеткізді.
Cәкен Әміреев 1940 жылы 5 қаңтарда Алматы облысы Қабанбай (бұрынғы Андреев) ауданы Мұқай ауылында дүниеге келген.
1958-1964 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында оқып, дәрігер-эпидемиолог маманы атанған.
1964 жылы КССР Денсаулық сақтау министрлігінің микробиология эпидемиология және гигиена ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. 1967-1970 жылдары АММИ аспиранты. 1970 жылы медицина ғылымдарының кандидаты атағын қорғады.
Профессор С.Әміреев бруцеллез проблемаларының әртүрлі салалары бойынша 2 монография, 4 ғылыми жинақтар, 6 томды ғылыми-әдебиеттерге шолулар жарық көрді, 5 докторлық, 12-кандидаттық диссертациялар қорғалды (ғылыми-жетекші, ғылыми-кеңесші болды).
Айта кетейік, ол коронавирус пандемиясы басталғалы індетке қарсы күресте алдыңғы қатарда жүрген маман болған.