$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.09.2021, 13:31
Жаңалықтар

Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотосуреттер көрмесі өтті

Бұған дейін «Алты алаштың Жамбылы» және «Ұлы дала жауһары»атты көрмелер өткен

Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фотосуреттер көрмесі өтті

 

 

Көкшетауда «Тәуелсіздік – еркіндігім, қасиеттім, қастерлім!» деп аталатын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотосуреттер көрмесі өтті, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.


Барлығы 19 роллаптан тұратын жылжымалы көрме Ақмола облысының аудандары мен қалаларының мемлекеттік мұрағаттарының фотоматериалдары бойынша дайындалған.

Іс-шараға түрлі мемлекеттік органдардың, этномәдени, ардагерлер мен жастар бірлестіктерінің өкілдері, оқу орындарының студенттері қатысты.

«Бұл фотокөрменің құндылығы онда облыстың әр ауданы мен қаласының тарихы көрсетілген. Әрбір фотосуретте мәдени, тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар, жетістіктер туралы үлкен ақпарат бар, бұл келушіге сол уақыттың рухын, біздің облысымыз бен республикамыздың қалыптасу және даму кезеңдерін сезінуге мүмкіндік береді», - Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова


 

 

Серіктес жаңалықтары