$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.08.2021, 23:34
Жаңалықтар

Елордада 400 мыңнан астам адам екпе алды

Вакцина алғандардың арасында жас және егде жастағы адамдар жиі кездеседі

 
Елордада 400 мыңнан астам адам екпе алды

Нұр-Сұлтанда вакцинаның алғашқы компонентін 401 мыңға жуық азамат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ 330 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті. Вакцинацияланғандардың арасында жас және егде жастағы адамдар жиі кездеседі.

«Бізде вакцинация алғысы келетіндердің қарқыны байқалады. Вакцинаның көмегімен ғана коронавирустық инфекцияға қарсы тұруға болатынын біраз адам түсінді. Қала тұрғындарының басым бөлігі вакцинациядан өтті. Бұл мамыр айының басынан бастап бүгінге дейін байқалып отыр», - деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлер вакцинацияның тұрғындар денсаулығына қорғайтынын, ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда қала карантинге дейінгі қалыпты өмірге орала алатынын еске салады.

Қазіргі уақытта елордада вакцинаның үш түрі бар: ресейлік «Спутник», қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell өнімі.

 
Серіктес жаңалықтары