$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.08.2021, 21:53
Жаңалықтар

Жамбылдағы жарылыс: экс-министр Нұрлан Ермекбаев кешірім сұрады

Жарылыс салдарынан 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды

Жамбылдағы жарылыс: экс-министр Нұрлан Ермекбаев кешірім сұрады

Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің жаңадан тағайындалған министрін таныстыру барысында  отставкаға кеткен бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаев сөз сөйледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нұрлан Ермекбаев Президенттен, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың ағайын-туысынан және зардап шеккендерден кешірім сұрады», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 15 адамның өліміне әкеп соққан Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Министр бұл туралы 27 тамызда өткен брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.

Ал бүгін, 31 тамыз күні Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізіп, жаңадан тағайындалған министр Мұрат Бектановты таныстырды.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысындағы жарылыс: оқиға орнынан табылған 3 мәйіттің жеке басы анықталды

Еске салсақ, жарылыс салдарынан 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды. Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.

Серіктес жаңалықтары