$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 10:57
Үкімет

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын – БАҚ

Министр отставкаға қатысты соңғы шешімді жоғарғы басшылық қабылдайтынын атап өтті

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетуге дайын – БАҚ
фото: gov.kz

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 4 әскери қызметшінің өліміне әкеп соққан, 90 шақты адамның зардап шегуіне жеткізген (соңғы мәлімет) Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. Министр бұл туралы 27 тамызда өткен брифингтен кейін журналистердің сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.

«Жарылыс туралы хабарламадан кейінгі алғашқы минутта отставкаға кетуге шешім қабылдадым», - деді Қорғаныс министрі.

Сонымен қатар, ол отставкаға қатысты соңғы шешімді жоғарғы басшылық қабылдайтынын атап өтті.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген.

1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл ту институтын қытай және ағылшын тілдерін меңгерген офицер мамандығы бойынша үздік бітірген.

1996 жылы Қазақ сәулет және құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Түрлі жылдары коммерциялық кәсіпорындарда, Сыртқы істер министрлігі құрылымында, ҚР Президентінің әкімшілігінде қызмет еткен. Нұрлан Ермекбаев ҚР Президентінің кеңесшісі — ҚР Президентінің әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2006–2007 жж.), сыртқы істер министрінің орынбасары (2007–2010), ҚР Президентінің көмекшісі (2010–2012 жж.), ҚР ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі, Вьетнам және КХДР-дағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы (2012–2014), ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы (2014–2016), ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі (2016 ж.– 2018 ж. сәуірге дейін) болып еңбек еткен.

2018 жылғы сәуірден 2018 жылдың тамызына дейін ҚР Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымын атқарды.

Нұрлан Ермекбаев 2018 жылдың тамыз айында Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары