31.08.2021, 12:25
Жаңалықтар
Жамбыл облысындағы жарылыс: оқиға орнынан табылған 3 мәйіттің жеке басы анықталды
Жарылыстан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті
скриншот: видео
Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған 3 мәйіттің жеке басы анықталды.
Олар:
1-ші ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек, 1995 жылы туған;
4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек, 1987 жылы туған;
4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес, 1999 жылы туған.
Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды.
Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.
Көп оқылған
15.09.2026, 12:44
Астанада тікелей эфирде лас сөздер айтып, күлдіргіш газ қолданған әйел адамға қандай жаза қолданылды
15.09.2026, 20:45
Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты сыбысқа жауап берді
15.09.2026, 11:49
Күйеуі ата-анасын, бауырларын қырып салған: жындыханадан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
15.09.2026, 23:42
Қызылордада хоккей жаттықтырушысы шәкіртін екі жыл бойы қорқытып, зорлап келген (ВИДЕО)