Авиация комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Томпиева Салтанат Еркінқызы тағайындалды

Салтанат Томпиеваның Азаматтық авиация комитетіндегі еңбек өтілі 20 жылдан асады. Ол бұл саладағы еңбек жолын 1998 жылы Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастаған.
1999-2008 жылдар аралығында Стратегиялық жоспарлау бөлімінің, әуе қызметтері нарығын қалыптастыру бөлімінің, әуежайлар қызметін реттеу басқармасының, әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2008 жылдан 2012 жылға дейін - Әуе кеңістігін пайдалану басқармасының, халықаралық стандарттарды енгізу басқармасының, халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы.
2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының басшысы, Халықаралық қатынастар және әуе тасымалдары басқармасының бас мемлекеттік авиация инспекторы – басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж) мерейтойлық медальдарымен, «Құрметті авиатор» ведомстволық төс белгісімен (2014ж.), «Ерен еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасымен (2017 ж.) марапатталған.
Білімі:
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы (1994-1998 жж.)