$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2019, 11:30
Жаңалықтар

ҰҚК биыл аса қауіпті 31 шетелдікті ұстап, ел сыртына шығарған

Олардың барлығы экстремизим мен терроризмге қатысы бар шетелдік азаматтар болған

ҰҚК биыл аса қауіпті 31 шетелдікті ұстап, ел сыртына шығарған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2019 жылы терроризм мен эктремизимге қатысы бар 31 шетелдік азаматты ұстаған. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін ол төменгі палата депутаттарына «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвецниясын ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды. Мәжіліс депутаттары құжатты мақұлдап, Сенат қарауына жіберді.

«Өңірлік терроризмге қарсы құрылымның аясында тараптардың шекара қызметтері өзара іс-қимылмен қамтамасыз етеді. Тұрақты түрде жыл сайын, әр тоқсан сайын,  осы қызметтердің сарапашылар тобы жиналып, қажетті шешімдер шығарады. Жылда ең кемі бір рет шекара ведомстволарының басшылары бас қосып, отырыс өткізеді. Отырыста қажетті шешім қабылдап, ол шешімдер іс жүзінде жүзеге асады. Бұл тәжірибе «Ынтымақтастық» деген бірлескен шекара операциясы арқылы жүзеге асады», - дейді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Осы жұмыстардың арқасында  2019 жылы шекара Қазақстанның шекара қызметкерлері іздеуде жүрген 10 шетелдік адамды ұстап, басқа елдерге қайтарды. Бұдан өзге, арнайы іздеу жұмысы жеке 31 шетелдікті қолға түсіргені мәлім болды.

«Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел іздеу жұмысын ұйымдастырады. Осы іздеудің барысында 2019 жылы терроризм мен экстремизимге қатысы бар  31 шетелдіктік ұстады», - дейді Нұрғали Білісбеков.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#терроризм #ҰҚК