$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2019, 02:54
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әуежайында өзге адамның құжатын пайдаланған шетелдік ұсталды

Ол қазақстандық визасының мерзімі өтіп кеткендіктен студент досының паспортын пайдаланбақ болған

Нұр-Сұлтан әуежайында өзге адамның құжатын пайдаланған шетелдік ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Нұр-Сұлтан-Франкфурт бағытындағы №КС-921 рейсін тексеру барысында ҚР мемлекеттік шекарасын Нидерланды Корольдігі азаматының паспортымен кесіп өтпек болған Сомали азаматы ұсталды, деп хабарлады  Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.

Шекара жасағы Сомали азаматының бет пішіні суреттегі азаматқа ұқсамайтынын байқап, құжатты қатаң тексерістен өткізген. Нәтижесінде паспорт оған тиесілі емес екені анықталды.

Қосымша тексеріс жүргізіп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту себептерін анықтау кезінде Сомали азаматының еліміздегі оқу орындарының бірінде оқитын студент екені анықталды. Ол Қазақстанға қазанда ұшып келген, қазақстандық визасының мерзімі өтіп кеткендіктен өзі секілді студент досының паспортын пайдаланбақ болған.

Сомали Республикасының азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары